Қырғызстан президенті аппаратының жетекшісі отандастарынан қылмысқа қарсы күресте қолдау білдірулерін өтінді
Отандастарына арналған үндеуде бүгінгі таңда Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің барлық саласына бой сұға отырып, ушыққан жағдайға жеткені айтылған.
«Еліміз үшін осы қиын кезеңде ел презденті Роза Отынбаеваның ұйымдасқын қылмыс пен қарақшылыққа қарсы жүргізіп отырған саясатына қолдау білдірулеріңізді сұраймын. Біз Қырғызстанның әрбір азаматының қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше, ел дамуының болашағы жайлы сөз бастауға да болмайтындығын түсінеміз. Қырғызстан аумағындағы әрбір азаматтың өмірін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында біз бүгін қылмыс пен қарақшылыққа қарсы жан-жақты соғыс жарияладық», -деп мәлімдеген Е.Қаптағаев.
Қырғызстан ІІМ мәліметінше, ел ішінде бірнеше ірі ұйымдасқан қылмыстық топтар қолға түсе бастаған. Сондай-ақ қырғыз қылмыскерлері Қазақстанда да құрықталып жатыр. Мысалға, 31 қаңтар күні Алматы облысы Талғар қаласындағы психикалық денсаулық және сауықтыру орталығында полицейлер бірнеше қылмыс жасап, халықаралық іздеуде жүрген Заур Магомедов атты Қырғызстан азаматын қолға түсірген.