Қырғызстан президенті бірқатар лауазымды басшыларды тағайындады

АСТАНА. Қазақпарат - Қырғызстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды «Кабар» ақпарат агенттігі ҚР президенті аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтемемен.

Қырғызстан президенті бірқатар лауазымды басшыларды тағайындады

Сооронбай Жээнбеков Мукамбетов Мурат Картайбековичті Үкімет аппаратының басшысы - ҚР министрі қызметіне, сондай-ақ Айнұр Абдылдаеваны Әділет министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Одан бөлек, Джолдубаева Индира Ырысбаевнаны ҚР Бас прокуроры лауазымынан босату туралы Жарлық шығарды.

Сондай-ақ, Сооронбай Жээнбеков ҚР Бірінші вице-премьер-министрі Шадиев Асқарбек Алимбаевичтің отставкасын қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды.