07:55, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түспекші
БІШКЕК. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат – Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев екінші кезеңге президенттік сайлауға түсуге дайын екенін мәлім етті.

«Мен тіке айтқанды жақсы көремін. Конституция маған екінші рет сайлауға түсуге құқық береді және мен сол құқықты пайдаланамын», деп мәлім етті Қ.Бакиев. «Конституцияны өзімнің ыңғайым үшін өзгертпеймін. Мен конституциялық негізде мерзімді де ұзартуға тырыспаймын, бірақ мен екінші кезеңге сайлауға түсу құқығымды пайдаланамын», дейді Қырғыз президенті.
Қ.Бакиевтің айтуынша, елде алдағы уақытта өтетін президенттік сайлаудың күнін Конституциялық сот белгілейді. Соның шешімі бойынша, сайлау биыл, 2009 жылы немесе келесі, 2010 жылы өтуі мүмкін. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.