Қырғызстан Президенті ел Премьерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев сәрсенбі күні Данияр Үсеновті ел Премьер-министрлігіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі қырғыз Президентінің баспасөз қызметі өкіліне сілтеме жасап хабарлап отыр.
Ел Конституциясына сәйкес Премьердің кандидатурасын Қырғызстанның «Ақ жол» парламенттік фракциясы ұсынды. Үсенов бұған дейін Президент Әкімшілігінің жетекшісі болған.
Қырғызстан Президенті Үкіметтің сейсенбі күнгі шұғыл мәжілісінде Игорь Чудиновтың Министрлер Кабинетінің отставкасын қабылдағанын ҚазАқпарат хабарлаған болатын.
Бакиев өз Әкімшілігінің толық өзгеретінін және ведомстволардың біразын таратып, Үкімет құрылымын ауыстыратынын мәлім етті. Президенттің Іс басқармасы мен ел Парламенті аппаратының құрылымы оңтайландырылады.