Қырғызстан Президенті елдің Премьер-Министрі мен үкіметін тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Темір Сариевті елдің Премьер-Министрі етіп тағайындау және оның кабинетін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Қырғызстан Президенті елдің Премьер-Министрі мен үкіметін тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды

Бүгін, 2015 жылдың 2 мамырында Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі мен Қырғыз Республикасының Үкімет мүшелерін тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жарлықтарға сәйкес Сариев Темір Аргембайұлы Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі; Сарпашев Тайырбек Дуйшекеұлы - Қырғыз Республикасының бірінші вице-премьер-министрі болып тағайындалды. Үкімет құрылымы бұрынғы қалпында қалды. Тек көлік және коммуникация министрі болып Аргынбек Малабаев, экономика министрі болып Олег Панкратов және қаржы министрі болып Адылбек Касымалиев тағайындалды.