Қырғызстан Президенті мен Жогорку Кенеш спикері қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін талқылады

БІШКЕК. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева Жогорку Кенеш төрағасы Ахматбек Келдібековты қабылдады.
None
None

Спикер кездесу барысында мемлекет басшысын парламенттің жұмысымен қысқаша таныстырып өтті. Атап айтқанда, Қырғызстан масс-медиясының, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтіп, онда өзара іс-қимылдардың өзекті мәселелері талқыланғаны атап өтілді.

Спикер сондай-ақ қазіргі уақытта парламент комитеттерінде елдің республикалық бюджеті қаралып жатқанын да айтты.

Ел Президенті мен Жогорку Кенеш спикері сондай-ақ Президент Жарлығының негізінде Қырғыз Республикасының Қорғаныс кеңесін құру мәселесін, елдегі қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін талқылады.

Президент Роза Отынбаева сонымен бірге, Қырғыз Республикасы парламентінің барлық шақырылым спикерлерінің Қоғамдық кеңесін құру туралы А.Келдібековтың бастамасын мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар