Қырғызстан Президенті Р.Отынбаева парламенттік сайлауды 2010 жылғы қазанның 10-ында өткізу туралы жарлыққа қол қояды
АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева парламенттік сайлауды 2010 жылғы қазанның 10-ында өткізу туралы жарлыққа қол қояды, деп хабарлады журналистерге республикадағы уақытша үкімет баспасөз орталығының жетекшісі Фарид Ниязов.
Оның айтуынша, ел президенті жарлығының тиісті жобасы шығарылды. Құжатқа бүгін түнде қол қойылуы керек, деп атап өтті Ф.Ниязов.
Ф.Ниязовтың сөзіне қарағанда, Р.Отынбаеваның декреті бойынша елдің барлық аумағында 2010 жылғы тамыздың 10-ынан бастап төтенше жағдай алынып, коменданттық сағат тоқтатылады, деп хабарлайды РБК агентті.
Елдің жаңа конституциясына сәйкес, сайлау науқаны кезінде әкімшілік ресурстарды қолданбау мақсатында парламенттік сайлауға қатысушылардың барлығы үкіметтегі қызметтерінен бас тартулары қажет.