Қырғызстан президенті тағына 33 үміткер қалды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті тағына 33 үміткер қалды. Бұл жөнінде «24.kg» АА-ға Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясының аппаратында мәлімдеді.
Орталық сайлау комиссиясына қол қою парағын сайлауға қатысуға өтініш берген 37 кандидат (65 адамның ішінде) ұсынған болатын. Алайда үміткерлердің үшеуі - Еркін Бөлекбаев, Замирбек Парманқұлов және Мәмбетжүніс Абылов - мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыра алмады. Одан Қуанычбек Апасов та тыс қалды. Қырғыз Республикасы ОСК ақпараты бойынша, ол талап етілген 30 мыңның орнына 6 мың қол қойылған қол қою парағын тапсырған. Сонымен қатар мемлекеттік тіл білімін тексеруде сүрінген Сейтек Байғұттиев те сайлауға қатыса алмайтын болды.
Қалған 33 үміткердің тек 26-сы ғана тиісті сайлау алды кепіл ақшасын аударған. Олардың арасында 11 адам бүгінгі күні мемлекеттік тіл бойынша емтиханнан өтті.
Орталық сайлау комиссиясы 24 қыркүйекке дейін 100 мың сом аудармаған үміткер сайлауға жіберілмейтіндігін қайта еске салады. Сондай-ақ мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыра алмағандар да сайлауға қатыса алмайды.