Қырғызстан президенті үкіметке тарату жөнінде ескерту жасады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үкімет мүшелеріне, егер 31 тамызға дейін биометриялық паспортты енгізу уәделерін орындамаған жағдайда қыркүйекте министрлер кабинеті қызметтен кетуі мүмкін екенін айтты. Бұл 2015 жылғы Жогорку Кенеш депутаттар сайлауына дайындық мәселесі қаралған тұрақты даму бойынша Ұлттық кеңес отырысында айтылды.
None
None

«Сөз жүзінде айтып қана қоймай, іс жүзінде жасау қажет. Сіздер уәделеріңізде тұрасыздар немесе 1 қыркүйекте тағы бір мәрте Ұлттық кеңес отырысын өткізгенде сіздер қызметтен кетесіздер», - деді А.Атамбаев елдің бірінші вице-премьер-министрі Тайырбек Сарпашевке.

Биометриялық паспорттар сайлау жүйесін жақсартып, қайта дауыс беруге тосқауыл болып, жалған адамдардың келуін тіркеуге жол ашады.

Соңғы жаңалықтар