Қырғызстан Президенті Үкіметтің отставкаға кетуі туралы Жарлыққа қол қойды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін, 2014 жылдың 19 наурызы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасының Президенті аппаратының жетекшісі Данияр Нарымбаевты қабылдады. Ол Мемлекет басшысына «Ырыс алды ынтымақ» парламенттік көпшілігі дәрежесінің жоғалғаны туралы коалицияның көшбасшысы Феликс Куловтың ресми хатын тапсырды.
None
None

«Ырыс алды ынтымақ» парламенттік көпшілігінің коалициясы құрамынан «Ата Мекен» фракциясының шығуына байланысты қызметін тоқтатты, деп хабарланды Қырғызстан басшысының сайтында. Президент Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасының Конституциясы мен ҚР «Қырғыз Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңына сәйкес, Қырғызстан Республикасы Үкіметінің отставкға кетуі жөнінде Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, Қырғыз Республикасының Жоғары Кеңесінің фракциялары арасындағы келісімнен кейін құрылған Қырғыз Республикасының Үкіметі 2012 жылдың 3 қыркүйегінен отставкаға кеткен деп саналады. Жарлыққа сәйкес, Премьер-Министр, бірінші вице-Премьер-Министр, Қырғыз Республикасы Үкіметінің мүшелері мен вице-Премьер-Министрлері Қырғыз Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы құрылғанша қызметтері мен міндеттерін атқара береді. Жарлық оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар