Қырғызстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келе жатыр
БІШКЕК. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева 30 қаңтарда Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
Бұл туралы Қырғызстан басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Р.Отынбаева ханым мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінде бірқатар кезек күттірмес әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланады деп күтілуде.
Сондай-ақ Қырғыз Президенті сапар аясында сол күні Астанада өтетін 7-Қысқы Азиялық ойындардың ашылуы салтанатына қатысады деп жоспарлануда.