Қырғызстан президентін сайлау 19 қарашада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев бүгін, 15 ақпанда, сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі  орталық комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекованы қабылдады.

Қырғызстан президентін сайлау 19 қарашада өтеді

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

Кездесу барысында мемлекет басшысын ОСК ағымдағы қызметі мен елдің сайлау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Шайлдабекованың айтуынша, кемшіліктерді жойып, сайлау үдерістерін ұйымдастыру жұмыстарын одан әрі жақсарта түсу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.  

Мемлекет басшысы конституциялық заңға сәйкес осы жылы 19 қарашада өтетін ел президентін сайлау маңыздылығын ерекше атап өтті.