Қырғызстан президенттігіне 7 үміткер тіркелді

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенттігіне үміткер ретінде 7 адам тіркелді. Мұндай шешім бүгін Сайлау және референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссияның мәжілісінде қабылданды, деп хабарлайды «24.kg» ақпарат агенттігі.
None
None

Бүгін мына үміткерлерге куәлік берілді, олар: Қубатбек Байболов, Марат Сұлтанов, Темірбек Асанбеков, Роман Оморов, Өмірбек Суваналиев, Анарбеку Калматов және Шамшыбек Медетбеков.

Қырғызстанда Президент сайлауы 30 қазанға белгіленген.

Қырғызстан Президенті 6 жыл мерзімге сайланады. Үміткердің жасы 35-тен кіші, 70-тен үлкен болмауы тиісті. Республика азаматы сол мемлекетте кем дегенде осы күнге дейін 15 жыл тұруы қажет.

Соңғы жаңалықтар