Қырғызстан шекарадағы оқиғадан кейін Тәжістандағы елшісін кері шақырып алды
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қырғызстан өзінің Тәжікстандағы елшісі Урмат Саралаевты сенбі күні екі ел шекарасында орын алған оқиғаға қатысты мәселені саралау үшін елге шақырып алды. Бұл туралы жергілікті K-News ақпараттық агенттігі Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, сенбі күні қырғыз-тәжік шекарашылары арасында дау шығып, екі тарап бір-бірлеріне оқ жаудырған болатын. Тәжік сарбаздары тіпті миномет қолданғаны жөнінде хабарланды. Салдарынан бес қырғыз шекарашысы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Қырғызстан оқиғаның қайталануын болдырмау мақсатында шекарадағы барлық өткізу пункттерін жауып тастады.
Қазіргі уақытта оны тергеу үшін арнайы мемлекетаралық комиссия құрылды.