Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі «Манас» базасының жабылатындығы туралы АҚШ-ты ресми хабардар етті

БІШКЕК. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі «Манас» авиабазасы бойынша келісімнің күші тоқтатылатыны туралы АҚШ тарабын ресми хабардар етті.

Қырғызстан  Сыртқы  істер министрлігі  «Манас»  базасының  жабылатындығы  туралы АҚШ-ты  ресми хабардар етті
«Келісім шарттарына сәйкес, америка тарабы Қырғыз Республикасының ресми ескертпесін алған күннен бастап 180 күннің ішінде база жабылады»,- деп атап көрсетті елдің сыртқы саясат ведомствосы. Базаның жабылуы туралы нота кеше, ақпанның 20-сы күні АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісіне табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.