Қырғызстан сырттан тасымалданатын жүктердің радиация деңгейін бақылауды күшейтті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда осы жылдың 15 мамырынан темір жол арқылы сырттан тасымалданатын жүктердің радиация деңгейін бақылау күшейтіледі.

Қырғызстан сырттан тасымалданатын жүктердің радиация деңгейін бақылауды күшейтті

ҚР үкіметі жанындағы мемлекеттік кедендік қызмет өкілдерінің хабарлауынша, халықаралық темір жол жүгі туралы келісімге сәйкес, «Қырғыз темір жолы» компаниясы Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан және ҚХР темір жолдар басшылығына жүк тасымалымен айналысатын жүкті жолдаушылардың атынан оларды порттар мен экспедиторлық компаниялардан қабылдаған кезде жүктердің радиация деңгейін бақылау қажеттігі жайлы хабарлама жолдаған. Осы елдердің темір жол компаниялары, соның ішінде «Қазақстан темір жолы» АҚ сыртқы экономикалық қызметте тиелген жүкке қатысты сол елдердің құзырлы органдарымен берілген радиациялық бақылау актілері бар қосымшаны талап етулері керек.

Хабарламада 2014 жылдың 15 мамырынан «Луговая» темір жол пункті бойынша енгізілетін жүктер радиациялық бақылау акт қосымшасынсыз қабылданбайды.

Атап өту керек, жүктердің құжаттарын дайындаудағы енгізілетін өзгерістер белгілі бір себепке байланысты болып отыр. Осыған дейін Қырғызстанға Қазақстаннан жеткізілген көмір партиясында радиция жоғары болған. Аталған факт қоғамда үлкен наразылық тудырды.