Қырғызстан тауларында үш испандық альпинист қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда жартасқа шығу кезінде тас құлау салдарынан үш испандық альпинист қаза тапты, деп хабарлайды Associated Press-ке сілтеме жасаған Росбалт.
Қаза тапқандардың жасы 18-24 аралығында еді. Оқиға дәл қай жерде орын алғаны туралы нақтыланбай отыр.
Альпинистер тобында барлығы 10 адам болған, басқа ешкім зардап шеккен жоқ.