Қырғызстан тауларындағы Жапония мен Польша альпинистерін «Қазавиақұтқару» ажалдан алып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонғаннан кейін, шілде айында «Қазавиақұтқару» Қырғызстан тауларында құтқару операциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы сұралым бойынша «Қазавиақұтқару» тікұшағы жіберілді. Құтқару операциясы 2 сағат 40 минутқа жалғасты. Біз 2 рейс жасадық. Тікұшақтың бортында 9 альпинист болған: Жапония мен Польша азаматтары, 3 экипаж мүшесі мен 1 инструктор болған. 3 адам жарақат алып, олар әуе кемесін жіберуді сұраған. Альпинистер мен экипаж құтқарылып, жақын төңіректегі елді мекенге жеткізілді. Қазақстанның тарапынан қолдау көрсетілді», - деді ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» бас директоры Андрей Косолапов.