Қырғызстан ТМД елдері арасында өнеркәсіптің өсу қарқыны бойынша көшбасшылығын сақтап қалды - статистика
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Осы жылдағы алғашқы бес айдың қорытындысы Қырғызстан өнеркәсіптің өсу қарқыны бойынша ТМД елдері арасында көшбасшылықты сақтап қалғанын көрсетіп отыр, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,8 пайызға жетті.
Өнеркәсібінің өсу қарқыны 14,5% және 12,6%-ды көрсетіп отырған Тәжікстан мен Украина екінші және үшінші орынға ие болды.
5 ай ішінде Арменияда өнеркәсіп өндірісінің қарқыны 12,1 пайызға, Қазақстанда - 11,9 пайызға, Ресейде - 10,3 пайызға, Беларуста - 7,7 пайыз, Өзбекстанда - 7 пайыз, Молдовада - 6,1 пайыз, Әзірбайжанда - 4,3 пайызға өскен.