Қырғызстан туралы Əділбек Жақсыбеков түскен деректі фильмнің аңдатпасы таралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Қырғызстандағы жағдай туралы пікір білдірген тизер жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қырғызстан туралы Əділбек Жақсыбеков түскен деректі фильмнің аңдатпасы таралды

Әлеуметтік желіде 2011 жылы Қырғызстандағы революцияға арналған деректі фильмнің аңдатпасы тарап кетті. Оның трейлерінде қару қолданған құқық қорғау қызметкерлерінің халықпен қақтығысы бейнеленген. Бұл роликте осы оқиғаға Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пікір білдіріп жатыр.

«Айтарлықтай қауіп болды. Бұл, әрине, еліміздің қауіпсіздігі, қорғаныс  қабілеті жағынан бірден қауіп төндірді. Біздің шекарамыз өте жақын...», - деп пікір білдірген видеода Әділбек Жақсыбеков.

Фильмнің титрында оның 29 қараша күні сағат 21:30-да экранға шығатыны хабарланған. Оны қай арнадан көрсететінін авторлары нақтыламаған.