Қырғызстан тұрғындары қолдарындағы қарудың жартысын да тапсырған жоқ

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгінгі күндері Қырғызстан қарулы күштерінің көмегімен 2010 жылдың сәуір мен маусым айларында өткен тәртіпсіздіктерге қатысушылардан тек 40 пайызынан қару-жарақ алынды.
None
None

Бұл туралы республиканың ІІМ басшысы Зарылбек Рысалиев мәлім етті, деп жазады «Лента.ру» порталы «24.kg» сілтеме жасап. Қалған қару-жарақ оның айтуынша, әлі күнге дейін тұрғындардың қолында қалып отыр.

Министр басып алынған қарудың дәл санын атай алмады. Оның айтуынша, тұрғындардан қарудың «мыңнан аса бірліктері» табылды. Бұған дейін дереккөздері бірнеше мың қару барлығын атап өткен болатын. Құқық қорғаушы Төлеқан Исмаилова (сол оқиғаларды зерттеу комиссиясының төрайымы) сәуірде өткен оқиғаға қатысушылардың қолында 2 мыңға жуық қару-жарақ бірліктері болды, дегенді айтады.

Кейбір деректер бойынша, тәртіпсіздікке қатысушылардың қолында тапаншалар, автоматтар, бесатарлар, тіпті граната атқыштар да болған. Қығызстан ІІМ азаматтарды қаруды өз еріктерімен тапсыруға шақырды. Ол үшін арнайы сыйақы да тағайындалды. Үкімет автомат пен мергендік бесатарды тапсырғандар үшін 4,8 мың сом (жүз доллар) төлеуге уәде берді.

Елдің оңтүстігінде болған сәуірдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде оған қатысушылар қаруды қарулы күштер қызметкерлерінен тартып алды деген күдік басым. Әкімшілік ғимараттарды (милиция бөлімшелерін) басып алғандар сол жерден қару ұрлаған.

Сәуір тәртіпсіздігі кезінде қолданылған тапаншалар мен автоматтар туралы кейін Қырғызстан билік өкілдері «басып алынды» дегеннің орнына «жоғалды» деген тіркесті қолданды.

Соңғы жаңалықтар