Қырғызстан тұрғындарының саны1 шілдеде 5 млн 955 мың адамды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасының тұрғындарының саны 2015 жылдың 1 шілдесінде 5 млн 955 мың адамды құрады. Яғни, 2015 жылғы қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіштен 59,4 мың адамға, немесе 1% артық.
None
None

Бұл туралы КирТАГ Қырғызстанның Ұлттық статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындар санының өсу көрсеткіші Баткен және Ош облыстарында, сонымен қатар Бішкек қаласында (1,2%), ал төменгі көрсеткіш Нарын және Ыстықкөл облыстарында (0,4-0,6%) байқалған.

2015 жылдың қаңтар-маусым айларында АХАЖ органдарында 78,6 мың жаңа туған сәби мен 17,4 мың адамның өмірден озғаны тіркелді. Сөйтіп, тұрғындар өсімі 61,2 мың адамды немесе 1000 тұрғынға 20,8 құрады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум