Қырғызстан Үкіметі Ыстықкөл және Алматы облыстарын байланыстыратын жолда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбек
БІШКЕК. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Игорь Чудинов Ыстықкөлдің шығыс жағалауын Қазақстанның Алматы облысымен байланыстыратын автокөлік жолын жақсарту және күрделі жөндеу жобасын жүзеге асыру туралы үкімет өкіміне қол қойды.
Қырғыз Үкіметінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл шешім Түп-Кеген тас жолын жақсарту және күрделі жөндеу жобасын тезірек жүзеге асыру мақсатында қабылданып отыр. Қырғыз үкіметі басшысының нұсқауымен күрделі жөндеу жұмыстарына 200 миллион сом (4,5 миллионға жуық АҚШ доллары) қаржы бөлу қарастырылуда.