Қырғызстан Ұлттық банкі валюта курсын тұрақтандыру үшін 8,75 млн доллар сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Ұлттық банкі доллар сатып алып, республиканың валюта нарығына кезекті интервенция жасады. Бұл туралы елдің қаржылық реттеуіші хабарлады.

Қырғызстан Ұлттық банкі валюта курсын тұрақтандыру үшін 8,75 млн доллар сатып алды

«Келісімшарт көлемі 8,75 млн долларды құрады», - делінген құжатта. Көптеген жергілікті сарапшылардың пікірінше, банк қырғыз сомына доллар курсының төмендеуін тоқтату үшін осындай шешім қабылдады.  Бір аптада Қырғызстандағы америкалық валюта шамамен 1 сомға арзандады және қазір де шамамен 68 долларға сатылуда.

Жыл басынан бері Қырғызстан Ұлттық банкі 183 млн доллар сатып алған. Биылғы қаңтар айында мүлдем кереғар жағдай болған еді, Ұлттық банк сом курсын ұстап тұру үшін 65 млн доллар сатуға мәжбүр болды.

Ресми деректер бойынша, өткен жылы республиканың бас қаржылық реттегіші ұлттық валюта курсын қолдау үшін нарықта 373,2 млн доллар сатқан.