Қырғызстан ұлттық телекомпаниясының басшысы жол апатынан соң ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан қоғамдық телерадиокомпаниясының (ҚТРК) бас директоры Илим Карыпбеков жол-көлік апатына ұшырады. Карыпбеков Бішкектегі ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ТАСС.
Республиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, Карыпбековке жедел хирургиялық ота жасалынады. Оған жасанды тыныс алу құрылғысын қойды. Қазіргі таңда зардап шегушінің жағдайын қалалық ауруханадағы білікті мамандар өз бақылауында ұстап отыр.
«Карыпбеков қазіргі таңда төртінші қалалық ауруханада жатыр, ол жерге жедел-жәрдем көлігі жеткізген. Оның жағдайы бірқалыпты ауыр болып тұр», - деп атап өтті министрлікте.
«Аталмыш жол-көлік апатының себебі қазіргі таңда анықталуда», - деп түсіндірді Бішкектің ІІББ-де.