Қырғызстан және Ресей азаматтары есірткімен ұсталды - ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Мерке» жеке бақылау-өткізу орны «Сыпатай батыр авто» шекаралық бақылау отрядының шекаралық наряды қызметтік итті пайдаланып, Қазақстаннан отанына бара келе жатқан 50 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады.
Ұсталған адамның автокөлігінен айрықша иісі бар жасыл түсті нәрсе - шамамен 40 грамм наша салынған түйіншек табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің баспасөз қызметінен.
Ресей Федерациясымен шекарада қазақстандық «Қайрақ авто» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары Ресейдің екі азаматын ұстады. «ВАЗ-2110» көлігін тексеріп кезінде 50 грамм марихуана табылған.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.