Қырғызстан Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығын атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстық көл жағалауында Қырғыз Республикасының президенті аппараты жанындағы «Мурас» қорының ұйымдастыруымен «Қырғыз және Қарахан қағанаттары: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» ─ Х-ХІ ғғ. Орталық Азиядағы мұсылман ренессансының айнасы» атты V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды TWESCO сайты.

 Қырғызстан Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығын атап өтуде

Халықаралық жиын түркі жұртының ойшыл данышпаны Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Конференцияның ашылу салтанатында Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлінің құттықтау хатын ұйым қызметкері Нұрболат Бөгенбаев оқып берді.

3 күнге созылатын жиында бірнеше мемлекеттен жиналған көрнекті ғалымдар мен түркітанушылар 4 ғылыми секция бойынша баяндамалар оқып, келелі пікірлерін ортаға салады.

Айта кету керек, TWESCO да Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына тарту ретінде ұлы ойшылдың «Құтадғу білік» дастанын жариялап, бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізді.

Фото / Жоомарт Ураимов