Қырғызстанда 11 адам түйнеме жұқтырған

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалалабат облысында түйнеме жұқтырды деген жорамалмен 11 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Кабар агенттігі хабарлайды.

Қырғызстанда 11 адам түйнеме жұқтырған

Министрлік өкілдері үш әйел және сегіз ер адамның науқас екенін растаған.

«Мамандар клиникалық диагнозды растады. Лабораторияда зерттеу үшін сынамалар алынды. Науқастардың барлығы ет салынған тамақ жеген. Бірақ дәл диагнозды лабораториялық зерттеулер анықтайды. Ауруханадағылардың жағдайы тұрақты. Оларға қажетті ем-дом жасалып жатыр», - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері түйнеме жұқтырғандардың барлығы мал союға қатысқанын айтады.