Қырғызстанда 11 үміткер президент додасынан тыс қалды

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғыз президенті тағына үміткер 11 кандидат сайлау алды тартысынан тыс қалды.

Қырғызстанда 11 үміткер президент додасынан тыс қалды

ОСК төрағасы түсіндіріп өткендей, кандидаттар «сайлау қорын уақытылы құрмаған», деп хабарлайды REGNUM АА.

Сайлау қорын уақытылы құрып, оған 100 000 сом (2200 доллар шамасында) көлемінде қаражат салуға ниет білдірмеу себебінен мына кандидаттар сайлау алды жарысына қатысу мүмкіндігінен айырылады: Қуттубек Асылбеков, Биназар Бердікеев, Толан Дыйқанбаев, Жаныш Рүстенбеков, Полотбек Кенжеқұлов, Мадияр Құлуев, Арыстанбек Осоев, Алмаз Парманов, Айбек Садықов, Нишанбай Сүлейманқұлов және Сазықбай Тұрдымәлиев.

Қазіргі уақытта тіркелген 83 кандидаттың тек 67-сі қалып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы ағымдағы жылдың 30 қазанында өтеді.