20:24, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Қырғызстанда американдық авиабазаның тағдыры шешілуде
МӘСКЕУ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Қырғыз Парламенті бүгін бейіндік комитеттерде Бішкектегі халықаралық «Манас» әуежайында АҚШ авиабазасын орналастыру туралы келісімді тоқтату мәселесін талқылауға кірісті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Бүгін бұл мәселе бойынша қорғаныс ісі жөніндегі комитет қорытындысы шығарылмақ. Республика аумағында американдық әскерилердің болуы тағдырын сондай-ақ халықаралық істер және конституциялық құрылыс пен заңдылық комитеттері де қарайды.