Қырғызстанда апатқа ұшыраған Boeing жеке компанияға тиесілі болған

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қырғызстанда құлаған ұшақтың Turkish Airlines компаниясына қатысы жоқ, ол жеке түрік компаниясына тиесілі болған, деп хабарлады РИА Новости РФ-дағы Түркия елшілігінің  баспасөз істері бойынша кеңесшісі Орхан Газигилге сілтеме жасап.

Қырғызстанда апатқа ұшыраған Boeing жеке компанияға тиесілі болған

«Біз алған ақпаратқа сәйкес жүк ұшағының Түрік авиажелілеріне қатысы жоқ, ұшақ түрік жеке компанияларының біріне тиесілі болған», - деді Газигиль.

16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің  Дача-Суу  ауылында,   әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Boeing 747-400 жүк ұшағы   құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. 23 үй қирап, 37 адам қайтыс болды.