04:57, 18 Қазан 2015 | GMT +5
Қырғызстанда астана күні мерекесіне орай велошеру өтті (ФОТО)
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек күні мерекесіне орай Қырғызстан астанасында қала мэрі Қубанычбек Қулматовтың қатысуымен велошеру өтті.

«Ала-Тоо» бас алаңынан басталған велошеруге салауатты өмір салтын ұстанатын барша ниеттілер қатысты.
Ауа райының жаңбырлы болғанына қарамастан шараға 300-дей адам қатысты.
Велошеруді дәстүрлі түрде Бішкек әкімдігінің қолдауымен «Ретро FM» радиостанциясы ұйымдастырды.