Қырғызстанда Атамбаевты дербес құқығынан айыру мәселесі Жогорку Кенеште талқыланады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Атамбаевты дербес құқығынан айыру мәселесі Жогорку Кенештің мәжілісіне шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның kabar.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Жогорку Кенештің Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті Бас прокуратураның Алмазбек Атамбаевқа тағып отырған 6 айыптың 5-уіне қатысы бар деген шешімін қолдады.

Баяндаманы Бас прокурор Откурбек Джамшитов жасады.

Комитет Бас прокуратураның шешімін Жогорку Кенештің Мәжілісіне шығарады.

Алмазбек Атамбаевтың дербес құқығы алынып тастайын болса, бұл істі Әскери прокуратура қарайтын болады.

Қырғызстаның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қазіргі таңда Қой-Таш ауылында жер телімін заңсыз алды, қылмыстық әлемнің серкесі А.Батукаевты заңсыз босатты, Субихи Пархатидің «Форум» ғимаратын алақтық жолмен сатты, Бішкек қаласындағы ЖЭС-сын реконструкциялау жұмыстары мен оған көмір сатып алу жұмыстары бойынша сыбайластық әрекеттерге жол берді, деген айып тағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар