Қырғызстанда әйел зорлады деген күдіктіні үйіне жіберген судья өз еркімен орнын босатпақ
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Ақсу аудандық сотының судьясы «әйел зорлады» деген айыппен ұсталған күдіктіні үйіне жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабарға» сілтеме жасап.
«Жедел жиналыс қорытындысында судья өз еркімен жұмыстан кететіні жөнінде өтініш жазды. Судья өтініші Қырғыз Республикасы Соттар кеңесіне жолданды», - делінген елдің жоғарғы соты таратқан мәлімдемеде.
Бұған дейін жергілікті БАҚ-та Ыстықкөл облысының Ақсу ауылында тұратын әйелді көршісі ұрып-соғып, зорлағаны туралы ақпарат тараған.
Милиция күдіктіні ұстайды, бірақ судья оны үйқамаққа босатады.