Қырғызстанда аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін астықтың мемлекеттік қорлары ашылады

БІШКЕК. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасының үкіметінде мемлекеттік қорлардағы астықтың бір бөлігін аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін бөлу туралы қаулы жобасына қол қоюға дайындық жүріп жатыр.
None
None

Бұл туралы қоғамдық телерадиотарату корпорациясы мен ЭлТр телекомпаниясына берген сұхбатында Қырғыз Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев айтты.

«Астық қорын ашу туралы шешім тұрғындардың аз қамтылған бөліктерін қолдау, азаматтардың ұн мен ұннан жасалатын өнімдерге сұранысын тұрақтандыру, сонымен қатар бағаны қолдан өсірумен күресу мақсатында қабылданды. Бұл астық ұнға айналдырылып, 340 мың аз қамтылған отбасыға тегін таратылады», - деді Қырғыз үкіметінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар