Қырғызстанда азаматтардың шамамен төрттен бірі С гепатитіне шалдыққан

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ресми деректерге сәйкес, Қырғызстанда С гепатитіне шалдыққандардың саны 224 мың адамды құрады. Бұл туралы Жогорку Кенештің депутаты Равшан Жээнбеков бүгін парламент отырысында хабарлады.
None
None

«Ресми деректерге сәйкес, елде 224 мың адам С гепатитімен ауырады, бейресми деректер бойынша олардың саны шамамен 500 мыңға жетті», - деді ол.

Парламентшінің пікірінше, Денсаулық сақтау министрлігінде қаржы болмағандықтан, елде бұл індетке қарсы шаралар қабылданып жатқан жоқ.

«Қазіргі уақытта Грузия елінде Американың көмегімен гепатитке қарсы күрес бойынша жобалар жүзеге асып жатыр, ұлттық бағдарлама құрып, көмек сұрағанымыз жөн», - деп атап өтті Р.Жээнбеков.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар