Қырғызстанда азық-түлік қымбаттады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда осы жылдың бірінші тоқсанында 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда тұтыну бағасы мен тарифтер 3,2%-ға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қырғызстанда азық-түлік қымбаттады

Қырғызстан ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың бағасы 3,6%, алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерінің бағасы 4,7%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 2,1%, халыққа көрсетілетін қызметтер тарифі 2,6% қымбаттаған.

Азық-түліктің ішінде бағасы ең қатты көтерілген азық-түлік түрлері мыналар: жаңа піскен көкөністер - 32,1%, күріш - 11,4%, балық - 8,4%, сүт өнімдері - 3,8%, алкогольсіз сусындар - 3,3%, тауық жұмыртқасы - 3,2%, макарон өнімдері және басқа да астық өнімдері - 2,6%, пісірілген өнімдер - 1,3% және ет - 0,8%.

Баға мен тарифтің өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалады. Бұл ретте, ең жоғары өсім Нарын облысында (6,1%). Басқа өңірлермен салыстырғанда мұнда тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар құны 5,9% өсіп отыр.