Қырғызстанда баға мен тариф бір жылда 14,7 пайызға өсті

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында тұтынушылық бағалар мен тарифтер 14,7%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда баға мен тариф бір жылда 14,7 пайызға өсті

Ұсынылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, елде алкоголь мен темекі өнімдерінің құны 24,4%-ға, азық-түлік және алкогольсіз сусындар – 15,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 12,7%-ға және халыққа көрсетілетін қызмет тарифтері – 9,1%-ға өсті.

Ағымдағы жылы азық-түлік тауарларының ішінде балық – 32,5%, қант – 30,5%, ұн – 27,8%, сүт өнімдері – 26,8%-ға, макарон және басқа да дәнді дақылдар – 25,5%, нан өнімдері – 22,6%, сары май – 22,3%, кептірілген жемістер мен жаңғақтар – 20,6%, күріш – 19,7%, шошқа еті – 19,3%, нан – 17,4%, алкогольсіз сусындар – 16,1%, қарақұмық – 12,1%, сиыр еті – 12,2% және қой еті – 11,7%-ға қымбаттаған.

2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2022 жылға арналған тұтыну бағалары мен тарифтерінің өсуі республиканың барлық аймақтарында байқалды. Бұл ретте бағаның максималды көтерілуі Нарын облысында (18,4%) тіркелді, онда алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдері бірден 43,3%-ға қымбаттаған.