Қырғызстанда Бакиевтің туысының үстінен сот басталды
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің туысының үстінен сот амалы басталды. Санжарбек Бакиев пен оның серіктестері қарулы құрылымдар ұйымдастырды және ағымдағы жылдың мамыр айында Жалалабадтағы бұқаралық тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыпталып отыр, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
27 жастағы Санжарбек Бакиевті Жалалабад облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері маусымның 25-інде ұстаған еді.
Іс Жалалабад аудандық сотында қаралуда, бірақ қауіпсіздік мақсатында сот амалы Бішкек гарнизонының Әскери сотының ғимаратында өтіп жатыр.