Қырғызстанда «Баткен оқиғалары күнін» белгілеу ұсынылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - 13 қаңтарда Қырғыз Республикасының вице премьер-министрі Әбдірахман Маматалиев Баткен жауынгерлері республикалық комитетінің бастамашыл тобымен кездесті. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бірлестіктің өкілдері Ә.Маматаливке Баткен облысында орналасқан шекара қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне тәжірибелік көмек көрсету бойынша өткізіліп жүрген жұмыс жөнінде айтып, сондай-ақ жастармен өткізілетін жұмыс туралы да ақпарат берді. Комитет мүшелеріне 1999-2000 жылдары Баткен облысындағы әскери іс-қимылдардың қатысушылары мен олардың отбасыларына көрсетіп отырған көмегі үшін алғыс білдірілді. «Баткен оқиғалары - егемен Қырғызстанның басына түскен бірінші сынақ. Шабуылға төтеп бере алып, біз Отанымызды қорғап қала алатымызды дәлелдей алдық», - деп атап өтті Ә.Маматалиев. Кездесу аясында комитеттің бастамасымен 1999 жылдың 1 маусымынан бастап, 2000 жылдың қарашасына дейін Қырғызстан аумағын шетелдік лаңкестік топтарынан қорғау бойынша әскери іс-қимылдарға қатысқан әскери қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғау мақсатымен алға жылжытылған заң жобасы талқыланды. Аталған заң жобасы 30 мыңнан астам қол жинап, Қырғызстан Республикасы Парламентіне қаралуға енгізілді. Вице-премьер-министр Ә.Маматалиев Үкімет Аппаратына комитетпен бірігіп, Баткен облысындағы әскери іс-қимылдардың аяқталуына 15 жыл толуын мерекелеу бойынша шаралар жоспарын құруды, сондай-ақ 26 қазан күнін Баткен оқиғалары күні деп жариялау туралы мәселені қарастыруды тапсырды, деп атап өтті Қырғызстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар