Қырғызстанда бес ауыл тасқынның астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Баткен облысындағы Лейлек ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстанда бес ауыл тасқынның астында қалды

Деректерге қарағанда, 9 маусым күні шамамен 16:15-те қатты нөсер жаңбыр жауып, Лейлек, Катран, Сумбула, Тоғыз-Бұлақ, Ақсу ауылдық округтерін су басқан.

nullТабиғаттың тосын мінезінен 13 тұрғын үй, 1 балабақша, 67 шарбақ зақымданған, сондай-ақ автожолдар мен ирригация арналары да залал шеккен.

Апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

Ауданда төтенше жағдай жарияланды. 

 null