Қырғызстанда бір тәулікте 192 адам коронавирус жұқтырды

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда бүгін COVID-19 жұқтырған 192 жаңа жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанда бір тәулікте 192 адам коронавирус жұқтырды

Қырғыз бас санитар дәрігері, денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев, айтуынша бір тәулікте 13 медицина қызметкерінен COVID-19 анықталған.

«Соңғы тәулікте 1 медицина қызметкері жазылып стационардан шығарылды. Жалпы алғанда 546 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған, олардың 382-сі сауығып шықты», - деді Н.Үсенбаев.

Қырғызстанда 20 маусымда COVID-19 жұқтырған 192 жаңа жағдай тіркелді. Елде ауруға шалдыққандар саны – 2981. Ауруханадан 1981 науқас емделіп шықты. 35 адам коронавирустан көз жұмды.