Қырғызстанда бірнеше терракт жасауды жоспарлаған содыр қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда бірнеше терракт жасауды жоспарлаған содыр қолға түсті. Бұл туралы республиканың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Қырғызстанның ұлттық мемлекеттік комитеті мәлім еткендей, 2017 жылдың 22 желтоқсанында елде өткізіліп жатқан лаңкестікке қарсы шаралар аясында «Т.А.» есімді Қырғыстан азаматы ұсталған.

Тексеру барысында «Т.А.»  есімді қолға түскен содырдың 2016 жылдан бері халықаралық террористік ұйымдар (ХТҰ) құрамында диверсиялық дайындықтан өтіп, Сириядағы үкіметке қарсы күштер қатарында болғаны анықталды.

2017 ол ХТҰ басшыларының нұсқауымен Қырғыстан шекарасынан өтіп, елде лаңкестік актілер жасау үшін жасырын террористік ұяшықтар құруды мақсат еткен.

Қазір қолға түскен содыр тергеуге алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар