Қырғызстанда Бішкек-Ош күрежолында қар түсті

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен түнде Қырғызстанда Бішкек-Ош күрежолында қалыңдығы 15 сантиметрге дейін қар түсті, деп хабарлайды Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Шу облысының Жайлым ауданында Бішкек-Ош күрежолының 124 шақырымы мен 129 шақырымы аралығында 21 қыркүйек күні түнде ұйытқып боран соғып, қалыңдығы 15 см. қар түсті», - делінген таратылған ақпаратта.

Жолды жауған қардан тазарту үшін бір грейдер мен екі жүк машинасы тартылды. Қазіргі уақытта жол қозғалысы ашық.

Соңғы жаңалықтар