Қырғызстанда COVID-19 байланысты ТЖ режимі алынады

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылдың наурызында енгізілген коронавирус төтенше жағдай режимі жойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Қырғызстан Министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда COVID-19 байланысты ТЖ режимі алынады

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және Қырғыз Республикасының аумағында сырқаттанудың төмендеуіне байланысты Қырғызстан Республикасының Үкімет басшысы А. Жапаров ТЖ режимін жою туралы тиісті шешімге қол қойды.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус инфекциясы бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Қырғызстандықтар арасында COVID-19 ауруының жаңа жағдайы жеңіл немесе симптомсыз түрде жүріп жатыр, ауыр немесе өлімге әкелетін жағдайлар байқалмайды.




Фото:kabar.kg