Қырғызстанда депутаттар парламент спикерін таңдап, премьер-министрді тағайындады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - VI шақырылымдағы парламент отырысында Жогорку Кенеш төрағасы лауазымына Асылбек Жээнбеков сайланды. Сонымен қатар, парламенттегі көпшілік коалициясының шешіміне сәйкес Темир Сариев премьер-министр болып тағайындалды.

Қырғызстанда депутаттар парламент спикерін таңдап, премьер-министрді тағайындады

Жасырын түрде дауыс беру нәтижесінде Қырғызстан парламенті спикеріндегі А.Жээнбеков кандидатурасына 114 депутат дауыс берлі, 4 қарсы шықты.

Сайланған төраға А.Жээнбеков қолдау үшін алғыс айтып, алдағы уақытта елдің өркендеуі үшін еңбектенетінін айтты.

Т.Сариевті үкімет басшысы ретінде ұсынуларына қатысты Чыныбай Турсунбеков мәлімдеме жасады.

«Коалиция Темир Сариевті премьер-министр лауазымына ұсынды, сондай-ақ үкімет құрылымы мен құрамына қатысты ұсыныстар мақұлданды. Мұны қарастыруға ұсынып жатыр», - деді ол.

Т.Сариев үкіметтің жаңа құрамын құру жауапкершілігін мойнына алуға дайын екенін жеткізді.

«Үкімет құрамын түбегейлі өзгертпеуге тырыстық. Өйткені жаңа министр мәселенің мән-жайын білуі үшін уақыт кетеді. Ал оған бізде уақыт жоқ», - деп атап өтті Темир Сариев.

Атап өту керек, Қырғызстан үкіметінің жаңа құрылымында 12 министрлік, 3 вице-премьер, 2 мемлекеттік комитет бар. Қорғаныс министрлігі мен энергетика министрлігі қайта құрылады.