Қырғызстанда діни экстремистік ұйым мүшелері қателерін түсініп, өзгелерге үндеу жасады
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Ыстықкөл облысында «Хизб-ут-Тахрир» (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) діни экстремистік ұйымы мүшелерін райынан қайтару шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабарға» сілтеме жасап.
Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, профилактикалық шаралар жүргізу нәтижесінде сотпен тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының жақтастары 13 шілдеде өздерінің таңдаған бағыты қате екенін түсініп, экстремистік идеялардан бас тартқан. Сондай-ақ, азаматтарды осы діни экстремистік ұйым мүшелерінің заңсыз шақыруларына ермеуге шақырды.