Қырғызстанда екі рет жер сілкінді, жерасты дүмпулері Алматыда байқалды

ТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Жұма күні Қырғызстан республикасының аумағында екі рет жер сілкінді, жер асты дүмпулері Алматы қаласында байқалды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Қырғызстанда екі рет жер сілкінді, жерасты дүмпулері Алматыда байқалды

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 28 қазанда сағат 19.47-де Қырғызстан аумағында жер сілкінді. 12,5 энергетикалық санаттағы зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 145 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 3-4 баллдық қуатпен Алматы қаласында сезілді.

Осы күні бірнеше сағат өткеннен кейін, нақты айтқанда, 22.12-де Қырғызстанда жер сілкінісі қайта қайталанды. 11,0 энергетикалық санаттағы зілзаланың ошағы бұл жолы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 147 шақырым жерде орналасты. MSK-64 бағаны бойынша 2-3 баллдық қуатпен шайқаған жерасты дүмпулерін алматылықтар тағы бір мәрте сезінді.

ҚР ТЖМ-нан анықтағандай, жер сілкіністерінен кейін құрбандар мен қираулар туралы ақпараттар түскен жоқ.