Қырғызстанда елдің бұрынғы президенті Қ.Бәкиевтің ағасы ұсталды

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалалабад облысында жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде елдің экс-президенті Құрманбек Бәкиевтің ағасы Ахмат Бәкиев қолға түсті.

Қырғызстанда елдің бұрынғы президенті Қ.Бәкиевтің ағасы ұсталды

Бұл туралы ел үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып қырғыздың «Кабар» агентігі хабарлайды. Жаңа билік оның ел оңтүстігінде болған тәртіпсіздіктерге қатысы бар деп санайды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Оның ұсталуының анық-қанығы белгісіз.

Бұрынырақ 2010 жылдың маусымында ел оңтүстігінде болған тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен Қ.Бәкиевтің ағасының ұлы Санжар Бәкиев Қырғызстанда қолға түскен болатын.