Қырғызстанда ГЭС-тегі апат салдарынан электр беру тоқтатылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін 6.58-де кабельден май ағып, Тоқтағұл ГЭС-інің үш генераторы тоқтан ажыратылды.
None
None

Бұл туралы баспасөз мәслихаты аясында ҚР экономика министрінің орынбасары А. Қалиев хабарлады.

«Қырғызстанның барлық ауданында сағатына 235 мегаватт деңгейінде электр беру тоқтатылды, атап айтқанда Шу, Ыстықкөл, Нарын, Ош. Жалалабад, Бішкек қаласында», - деді ол.

Ол ГЭС-тегі кабельдерге 40 жыл болғанын, ескіргендігін алға тартты.

2-3 аптаға созылатын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына Ресей мен Қытай мамандары тартылады.

Тапшылықты өтеу үшін сағатына 6 миллион килловатт электр энергиясын импорттау қажет болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар